"Съезді өткізу аясында Қазақстандағы түрлі конфессиялар мен этностар арасындағы бірлікті, ынтымақтастық пен достықты білдіретін табиғи-рекреациялық парк құрылады. Саябақ ел астанасын абаттандыру мен көгалдандырудың ауқымды үдерісіндегі тағы бір кішкентай қадам болмақ", - деп жазды Назым Жанғазинова өзінің Facebook парақшасында.

Осыған байланысты Съезд Хатшылығы мен елорда әкімдігі Қазақстанның барлық қалаларынан сәулетшілерді, ландшафт дизайнерлерін және урбанистерді Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл өзенінің бойындағы жаңа қоғамдық кеңістікті абаттандыру тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі конкурсқа қатысуға шақырады.

Эскиздік ұсыныстар 2022 жылдың 20 тамызына дейін ұсынылады.