Ақмола облысы әкімдігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, биыл Щучье-Бурабай курорттық аймағына Ресей Федерациясынан келген отандастарымыз бен қонақтарымыз сияқты туристер ағыны едәуір артты. Облыс басшылығы еліміздің басты туристік аймақтарының бірін дамытуға ерекше көңіл бөледі.

"Ауданда жазғы кезеңде туристер көп келетін Щучье-Бурабай курорттық аймағында бірқатар проблемалар бар. Негізінен бұл инфрақұрылымды дамыту мәселелері, түзетуде тұрған көптеген тоқтатылған жобалар, жосықсыз мердігерлер. Осыған байланысты күн тәртібіндегі басты мәселе – Бурабай ауданын дамыту", - деп атап өтті өңір басшысы.

Энергетика, тұрғын үй шаруашылығы саласындағы жағдай туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев баяндады.

Д.Қуанышбаевтың айтуынша, Ақмола облысының Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарының III кезеңін жүзеге асыру мақсатында аудан бойынша сумен жабдықтау және су бұрудың жеті жобасы іске асырыла бастады.

"Бурабай кентінде тазарту құрылыстарын салу бойынша жұмыстардың негізгі бөлігі аяқталды. Щучьенің нөсер кәрізінің, Бурабай кентінде коллектордың су бұру желілерінің және кәріздік сорғы станцияларының үшінші кезегінің, Қатаркөл көлі аумағында орналасқан Балалар білім беру орталықтарының су құбырларының құрылысы жүргізілуде.

Щучье қаласының магистральды су құбыры желілерінің 4-ші кезегін реконструкциялау және салу, су бұру желілері мен объектілерін реконструкциялау және Қатаркөл ауылының су бұру желілері мен объектілерін салу, сондай-ақ Щучье көлінің айналасында орналасқан шипажайларға сумен жабдықтау және су бұру бойынша жұмыстар тоқтатылды. Ауылдық сумен жабдықтау бойынша Наурызбай батыр, Веденовка, Ұрымқай, Николаевка ауылдарын қамтитын 4 жоба әзірленді", - деп хабарлады ведомство басшысы.

Бұдан басқа, Бурабай кентінде қазандықты кеңейту бойынша жоба аяқталған жоқ, электр желілерін салу бойынша жұмыстар басталған жоқ.

Бұдан басқа, Бурабай кентінде қазандықты кеңейту бойынша жоба аяқталған жоқ, электр желілерін салу бойынша жұмыстар басталған жоқ. Сондай-ақ, аудан орталығының шағын аудандарын автобус қатынасымен қамтамасыз ету, үй салу және тұрғын үймен қамтамасыз ету, кезектегі тұрғандарды жер учаскелерімен қамтамасыз ету бойынша проблемалық мәселелер айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Е.Маржықпаев орындаушылармен жоспарлы жұмыстың жоқтығын атап өтіп, жақын арада жағдайды түзетуді тапсырды.

"Келісімдер мамыр айында жасалуы керек еді. Қазір көптеген жобалар аяқталған кезде, сіздер енді ғана бастайын деп жатсыздар, Қателіктерге бой алдырып алтын уақытты өткізіп алдыңыздар. Кеше Мен өзім Бурабайға бардым, ештеңе жасалмаған", - деп түйіндеді облыс әкімі.