Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметі алаңында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева мәлімдеді.  
Оның айтуынша, 2022-2023 жылдары волонтерлік рейдтер ұйымдастырылады, көмекке мұқтаж жалғыз басты қамкөңіл қарттарға дәрі-дәрмекпен, азық-түлікпен және басқа да тұрмысқа қажетті заттармен көмек беру жүйесі жүзеге асырылады. Сонымен қатар тұрмыстық техникаға, есту құралдарына зәрулік тәрізді ерекше қажеттіліктерге де назар аударылады. Жастар қариялардың үй-аулаларын тазалап, жөндеп, шай үстінде әңгіме-дүкен құрып, көңілдерін көтереді, жылу сыйлайды. Қарттар үйіне де бару жоспарланған.