Бұл туралы ОКҚ брифингінде Ұлттық аккредиттеу орталығының әдіснама және нормалау департаментінің басшысы Алмат Орынғалиұлы мәлімдеді.  

Бұл үдерісті ашық ету үшін ведомство сынақ базасын жаңғыртуды ұсынады. Қазіргі кезде жұмыстардың барлығы қолмен жүргізіледі. Оны автоматтандыратын кез келді.  
 
«Қағаз бәріне шыдайды» дейді. Зертхана сынақты қолмен сынау әдісімен жүргізген кезде нәтижені жазып беруге болады, бізде аккредиттеу органы ретінде және басқа мемлекеттік органдарда жүргізілген сынақтардың жарамдылығын қайта тексеруге мүмкіндік жоқ. Автоматтандырылған әдіс (бағдарламалық жасақтамаға қосылады) жүргізілген сынақтардың ізін қалдырады. Яғни, зертхана шығарған құжатты сынақ күні, уақыты бойынша салыстырып, нәтиженің ұқсастығын көре аламыз. Толық модернизация мен уақыт туралы айту қиын. Себебі модернизациялау үшін жабдықтың дәлдігіне, қателіктеріне минималды талаптар қойылатын сынақ әдістерін өзектендіру қажет. Егер олар жоғары болса, онда модернизация жүргізіледі. Жабдық қымбат болғандықтан бір уақытта жаңғырту мүмкін еместігін ескерсек, модернизация біртіндеп жүргізілетін болады. Ол үшін кем дегенде 5-10 жыл қажет», - деді спикер.