Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АИ-95 маркалы бензинді ел аумағынан заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.

Көлемі 280 тонна, құны шамамен 90 миллион теңгені құрайтын жанармай құйылған 5 вагон-цистерна ұсталды, олар жанармай қоспасы деген желеумен Өзбекстанға алып кетпек болған.

Мамандардың қорытындысына сәйкес, теміржол цистерналарынан алынған сынамалар К-4 экологиялық класындағы АИ-95 бензині болып табылады.

Белгілі болғандай, келісім шарт бойынша шетел компаниясының пайдасына елден жалпы сомасы 45 миллион долларға 50 мың тонна экспорттау жоспарланған.
Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.