Дін лидерлері VII съезінің баршаға белгілі Facebook, Instagram, Twitter, Telegram әлеуметтік желілерінде іске қосылған ресми аккаунттары таныстырылды.

Тілек білдірушілердің бәрі хатшылықтың және съездің отырыстарын дайындау және өткізу барысындағы аса маңызды жаңалықтар және оқиғалармен танысу үшін форумның ресми сайты мен ресми парақшасында жаңарған ақпараттарды көре алады.

«Біздің сайт пен әлеуметтік желілер ең сенімді ақпарат көзі болып табылады, осыған байланысты оқырмандарды тек мұқият тексерілген ресми деректерге сенуге шақырамыз. Сіздер съезд парақшаларында жеке хабарлама мен жарияланым астындағы түсініктемеде өзіңізді қызықтырған сұрақтарды қоя аласыздар» , - деді Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің ресми өкілі Назым Жанғазинова.

Төменде съездің сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми парақтарына сілтеме беріліп отыр.

Ресми сайт - https://religions-congress.org/

Facebook - https://www.facebook.com/religionscongresskz2022

Instagram - https://instagram.com/religions_congress_kz

Twitter - https://twitter.com/religionscongkz/

Telegram - https://t.me/religionscongresskz

14-15 қыркүйекте Қазақстан астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтеді.

Алдағы форум адамзаттың пандемиядан кейінгі кезеңдегі әлеуметтік-рухани дамуындағы әлемдік және дәстүрлі конфессиялар көшбасшыларының рөліне арналады.