Бұл туралы ОКҚ-да сөйлеген сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Вера Ким айтты.
«Бұдан басқа, мемлекеттік тапсырысты орналастыру, гранттық қаржыландыру және коммерциялық емес ұйымдар үшін сыйлықақылар беру салалары кеңейтілді. Атап айтқанда, екі жаңа тармақ енгізілді: волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау (бұрын болмаған), сондай-ақ жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, соның ішінде жануарлардың баспаналарын қолдау. Менің ойымша, бұл жақсы норма, жануарларды қорғау ұйымдары үшін қуанышты жаңалық.
Сондай-ақ қайырымдылық волонтерлерінің қызметі ретке келтірілді. Осы заң шеңберінде қайырымдылық ұйымдарының немесе көмекке мұқтаж нақты жеке тұлғаның пайдасына қаражат жинау жөніндегі қызмет енді қайырымдылық ұйымының өзі мен волонтер арасында немесе волонтер мен мұқтаж жеке тұлға арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт болған кезде ғана жүзеге асырылатын болады.
Қайырымдылық волонтерлерінің жасы 18-ден төмен болмауы керек. Бүгінде волонтерлік қызмет, қайырымдылық түрінде және халықтан ақша сұрайтын көптеген адамдар бар екенін көріп отырмыз. Дүкендерде, түрлі мекемелерде адамдар қайырымдылық көмек көрсетуді немесе қандай да бір операция жасауды сұрайтын жәшіктер тұр. Бұл қызмет реттелуі керек. Біздің заңда бұл нормалар қарастырылған», - деді тәжірибесі бар волонтер.