Кездесу барысында М.Тілеуберді бүгінде бүкіл әлемде жаңартылатын энергия көздеріне белсенді қызығушылық байқалып отырғанын және қазақстандық тарап жобаларды іске асыру кезінде компанияға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Сапар барысында ACWA Power өкілдері инвестициялық жобаларды нақты талқылау үшін ҚР Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» қорының және «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басшылығымен келіссөздер жүргізді.

ACWA Power компаниясы 70 млрд долларға жуық инвестициялық қоржынына ие бола отырып, жасыл электр энергиясын генерациялау және суды тұщыландыру үшін арнайы қондырғылар шығарумен айналысады.
Күн, геотермалдық және жел энергиясын өндіретін, сондай-ақ қалдықтарды энергияға өңдейтін электр станциялары Таяу Шығыс және Солтүстік Африка, Оңтүстік Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия өңірлерін қоса алғанда 13 елде салынды және ойдағыдай жұмыс істеуде.