Қаулы кәсіпкерлік бастаманы дамыту және экономикалық белсенді халықты жұмыспен қамту үшін жағдай жасау арқылы ауылдар мен шағын қалалар тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі жұмыс шеңберінде қабылданды. 

Оны іске асыруға 40 млрд теңге көлемінде бюджет қаражаты көзделген, қаржы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды микрокредиттеуге бағытталатын болады.

Несиелендіру операторы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.

Бюджеттік несиелердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақытылы қайтарылуын бақылау ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген.