«Бұл спорт түрі жастардың ойлау қабілетіне, дұрыс шешімдерді жылдам қабылдай білуіне жақсы әсер етеді. Сондықтан жеткіншектердің жүзден жүйрік шығып, үздік атанып жатқаны қуантады. Спортшыларымыз 6-7 секундта керемет нәтиже көрсетті. Жарыс өтіп жатқан алаңға келіп, спортшыларымызға қолдау білдірген баршаңызға алғыс айтамын», - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Айта кетейік, 13 мемлекеттен келген 116 қатысушы үздік титул үшін жарысты. Чемпионаттың қорытынды турнирлік кестесінде медальдік есепте бірінші орынды Қазақстан спортшылары, екінші орынды Үндістан өкілдері, үшінші орынды ҚХР қатысушылары алды. Сондай-ақ, төртінші орынды Жапония, бесінші орынды Моңғолия мен Қырғызстан спортшылары, ал алтыншы орынды Өзбекстан мен Пәкістан спортшылары иеленді.

3х3х3 басты ойыны мен Ұлттар кубогының жеңімпаздары Рубик кубигіндегі 6 түспен безендірілген көпқырлы Бәйтерек түріндегі арнайы кубокпен марапатталды. Бәйтеректің ішінде Азия елдерінің жалауы бейнеленген кубок орналасқан. Сондай-ақ, барша жүлдегерлерге Rubik' s WCA Asian Championship 2022 эксклюзивті медалі мен ақшалай сертификаттар табысталды. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 9000$ құрады.

Сонымен қатар, спидкубингтен Азия чемпионаты аясында 3000 Рубик кубигін жылдам жинау шеберлері Димаш Құдайберген мен GGG - Геннадий Головкиннің портреттерін жинады.

Айта кетейік, спидкубингтен Азия чемпионаты әр 2 жыл сайын өтеді. Қабылдаушы ел өтініш берушілер арасында конкурс өткізу жолымен айқындалады.

Kazakhstan Speedcubing Federation (KSF)-іс-шараны ұйымдастырушы, ТМД елдері арасындағы алғашқы федерация және 2018 жылы өңірлік ұйым ретінде танылған әлем елдері арасындағы 28-ші федерация, 2018 жылы World Cube Association (WCA) өңірлік ұйымы ретінде танылған. Жалпы, әлемде 32 елдің федерациялары WCA өңірлік ұйымы деп танылды.

«Қазіргі уақытта WCA басқармасы спидкубинг спорт түрі ретінде тануға өтініш беріп қойды. Осындай жұмысты өз мемлекеттерінің деңгейінде өңірлік ұйымдар да жүргізеді. Қазақстан 5 жыл ішінде 1-ші чемпионатты өткізуден бастап Азия чемпионатын қабылдауға дейінгі жолдан өтті. Және мемлекет спидкубингті спорт түрі ретінде тануға дайын. Сондай-ақ, 2025 жылы Әлем чемпионатын өткізуге өтініш беретінімізді айтқым келеді. WCA-ға Rubik' s WCA Asian Championship 2022 өткізуге көрсеткен сенімі мен қолдауы үшін алғысымды білдіремін. Ал қаржылық және ұйымдастырушылық тұрғыда қолдаған бас демеушілеріміз Rubik ' s компаниясы мен Kazakh Tourism ҰК», - деді KSF президенті Арман Машимов.

 

«Спидкубинг әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдарды біріктіреді, жасына қарай бөлмейді, мысалы, 18 жасқа толған куберлер және 55 жасқа толған куберлер бар. Мен Қазақстан спидкубинг қозғалысының бір бөлігі екеніне қуаныштымын. Бұл спорт түрі көптеген жастардың әлеуетін кәсіби тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да ашты. Сондай - ақ, бұл туризмге түрткі болатын бағыт»,-деді WCA негізін тең қалаушы Рон ван(Ron van Brukhen) Брюхен.