еQonaq ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкес, жыл басынан бері ел аумағына 195 149 шетелдік турист келген. 2020 жылғы қарашада іске қосылған жүйе қазіргі уақытта республикалық маңызы бар 3 қаланы және 14 облыс орталығын қамтиды.
еQonaq жүйесі туристік ағымға талдау жүргізуге және көші-қон қызметін тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Мұнда 7300-ден астам орналастыру орны тіркелген.
Биылдың өзінде статистикаға сай шетелдік туристер басым өңірлер қатарында:
- Алматы (73 012 адам);
- Нұр-Сұлтан (44 859 адам);
- Қызылорда облысы (9735адам);
- Маңғыстау облысы (9384 адам) бар.
Олардың 67% - ын Ресей Федерациясынан, 16% - ын Өзбекстаннан, 6% - ын Түркиядан, 4% - ын ҚХР-дан және 7% - ын басқа мемлекеттерден келген туристер құрайды.
Айта кетейік, eQonaq.kz сайтында ай сайын шетелдік туристер бойынша статистикалық мәліметтер жарияланады.