Жобаны Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес келтіру үшін Қарулы күштердің Бас әскери-медициналық басқармасы әзірледі. 

Орта техникалық білім беру бағдарламалары бойынша даярлықты ұйымдастыратын әскери оқу орындарының жаңа атауларына да өзгерістер енгізілді.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 26 тамызына дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14184226