Оның айтуынша, 2022 жыл ішінде энергия өндіруші ұйымдарға тәуелсіз шығындардың ұлғаюы болжанып отыр. 

«Богатырь-Көмір разрезінен көмір құнының өсуі болжануда: 2022 жылғы 1 тамыздан бастап 7%-ға; 1 қыркүйектен бастап 5%-ға; 1 желтоқсаннан бастап 5%-ға. Жалпы, 2022 жыл ішінде көмірдің құны 30%-ға артады. Теміржолдар бойынша көмірді жеткізу бағасы 2022 жылдың басынан Қазақстан бойынша орташа есеппен 5%-ға өсті. Бұдан басқа, 2022 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан бойынша тауар газының құны энергия өндіруші ұйымдар үшін орта есеппен 15%-ға өсті», - деді спикер.


Шекті тариф жобасында сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде станция персоналының жалақысын көтеру мәселесі қарастырылған. Осыған байланысты топтар бойынша шекті тарифтерді түзету жүзеге асырылды. Энергия өндіруші 47 ұйымның 26-сынан өтінім берілді. Оларды қарау кезінде әрбір жағдай бойынша жеке тәсіл қолданды. Уақытылы шешімді талап ететін өтінімдер назарға алынды.