«ҚР Энергетика министрлігі биыл 1 шілдеден бастап 26 энергия өндіруші ұйым үшін шекті бағаларды орта есеппен 10-12%-ға арттыру туралы бұйрықты бекітті. Халық үшін электр энергиясы бағасының өзгеруі субъектілерден өтінімдердің түсуіне қарай қалыптастырылатын болады. Әрбір өңір бойынша әлеуметтік-экономикалық жай-күйге мұқият талдау және халық үшін тарифтерді өзгеруінің әрбір жағдайы бойынша жеке тәсіл жүргізіледі. Бұл ретте уәкілетті орган қандай да бір елеулі арттыруға жол бермейді»,  - деді спикер. 


ҚР ҰЭМ ТМРК төрағасының орынбасары тариф белгілеуді қалыптастыру мәселесі ашық екенін атап өтті. Электр энергиясының бағасын қарау барысында халықты қоғамдық бірлестіктерді, журналистерді және басқа да мүдделі тұлғаларды тарта отырып, жария тыңдаулар өткізілетін болады. Қазіргі уақытта табиғи монополиялар субъектісінің тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларын жыл сайынғы талдау жүргізілуде. Тұтынушылардың қаражатын мақсатсыз пайдалану анықталған жағдайда тарифтерді кейіннен төмендете отырып, уақытша өтемдік тариф қолданылатын болады.