Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, демонстрациялық ұрып-соғулар, тонаулар және адам өлтіру кеңінен қолданылды. 

«Бұл әрекеттердің мақсаты көшелерде үрей туғызу, қылмыскерлердің жолында болған адамдарды қорқыту, жалған ақпарат тарату арқылы елдегі жағдайдың тұрақсыздануына қол жеткізу болды. Қиратулардың қатысушылары полиция қызметкерлеріне, әскерилерге және қарапайым адамдарға шабуыл жасады, жолдардың жүру бөлігін жауып тастап, көлік құралдарын өртеді, азаматтарды қорқыту арқылы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысуға шақырды, тонаулар, ұрлық және зорлық-зомбылық жасады. Қылмыскерлер қару дүкендерін тонады, ұрланған қарулардың көмегімен бейнежазба камераларын жойды», - деді спикер.


Нәтижесінде 100 млрд теңгеден астам сомаға залал келтірілді, оның ішінде бизнес субьектілеріне 92 млрд теңге. Жүздеген ғимараттар мен көлік құралдары өртенді.