Қолда бар бейнежазбалар бойынша оларды сәйкестендіруге бағытталған ауқымды және жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Куә болуы мүмкін он мыңнан астам азаматтан жауап алынды.
«Сонымен бірге қылмыстық істер шеңберінде мыңдаған күрделі сот сараптамалары жүргізілді. Қаңтар оқиғалары кезінде 238 адам қаза болды. Олардың ішінде қылмыскерлер, әрі кінәсіз адамдар да бар. Біз әрбір фактіні жан-жақты қараудамыз. Бүгінгі күні біз 176 адамның қаза болу мән-жайларын анықтадық және тергеу жалғасуда.
Оның ішінде Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қаза болған 19 құрылымдық күш қызметкерлері. Аталған қызметкерлер қоғамдық тәртіп пен мемлекеттік объектілерді қорғауда өз қызметтік міндеттерін орындауда қаза тапты, ал кейбіреулері жаппай ұрып-соғуларға тап болды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз борыштарын атқарып, жаппай ұрып-соғу, көлік құралдарымен басып өту салдарынан және қарусыз бола тұра оларға тікелей оқ ату нәтижелерінде қаза болды. Мәселен, Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын күзетуге қатысқан, қарусыз әскери қызметші подполковник Хаировтың өлімі кезінде ерекше қатыгездік көрініс тапты. Оның мәйіті ғимараттың шатырында анықталды. Зорлық-зомбылықпен өлтіруден кейін, қылмыскерлер айғақтарды жасыру үшін денесін өртеп жіберген. 39 жастағы офицердің отбасы мен екі кәмелетке толмаған балалары қалды», - деді спикер.