Ол сол уақытта қылмыскерлер негізінде тұрғын үйлердің ауласында тығылып, кенеттен қарулы шабуылдар жасағанын атап өтті.
Терроризмге қарсы операция жүргізу барысында оқ атуларда кейбір азаматтар өмірімен үйлеспейтін оқ жарақаттарын алған.
«Бірнеше азамат түрлі бизнес объектілерінен тонаулар мен ұрлықтар жасау кезінде қаза болған. Алдыңғы біздің брифингтерде бұл фактілер туралы толық хабарлағанбыз. Мысалы, Алматы тұрғыны жанар-жағармай құю бекетінен жанармайды ұрлау кезінде отты абайсызда қолдану салдарынан өзін-өзі өртеуден қаза болды. Сол қалада жергілікті тұрғын «МИГ» айырбастау пунктін қарулы тонау кезінде жеке күзет ұйымының қызметкерлерімен қарсылық көрсету барысында өлтірілді. Сонымен қатар құқық қорғау қызметкерлерінің рұқсат етілмеген жауап алу әдістерін қолдану салдарынан жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу бойынша күдікті 6 адам қаза болғаны тергеумен анықталды.
Бұл фактілердің барлығы арнайы прокурорлармен жан-жақты тергелуде, 15 құрылымдық күш қызметкерлері күдікті ретінде танылды, оларға түрлі бұлтартпау шаралары таңдалды.
Сонымен бірге, Талдықорған қаласындағы блокпостарда және әскери бөлімнің жанында, сондай-ақ Алматы қаласындағы алаңда жекелеген азаматтардың қаза болуына әкеп соққан, өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін бірқатар әскери қызметкерлер қылмыстық жауаптылыққа тартылуда. Жоғарыда атап өткенімдей, бұл процесстің қиындығын және тергеудің ауқымдылығын ескере отырып, қалған адамдардың қаза болу мән-жайлары және олардың өліміне кінәлі адамдарды анықтау жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулердің аясында жүруде», - дді БП өкілі.