Жеке бастарын, денсаулық жағдайын және сипаттайтын материалдарды ескеріп, 284 адамның қамауға алынуы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепіл, үйқамаққа және жеке кепілгерлікке ауыстырылды.

«955 күдікті адам сотқа беріліп, түрлі жазаларға 834 адам сотталды, оның ішінде 636 бас бостандығынан айыруға байланысты емес. Қазіргі уақытта 292 күдікті адам қамауда. Олардың қиратуларға, ғимараттарды өртеуде, қаруларды жымқыруда, мемлекеттік объектілерге және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауда және басқа да қылмыстарға белсенді түрде қатысқандығы туралы тергеуде жеткілікті мәліметтер бар. Олардың барлығына қорғалу құқығы, санитарлық нормалар, тамақтану, дәрі-дәрмектер және ұстаудың тиісті жағдайлары қамтамасыз етілуде», -  деді спикер.


Қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан азаматтардың толық тізімін брифинг аяқталған соң Бас прокуратураның ведомствалық сайтына орналастырылады. Қылмыстық-процестік заңнама нормаларына сәйкес және қаза болған адамдардың туыстарының пікірлерін ескере отырып, азаматтардың қаза болуының мән-жайлары туралы өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.