«2021 жылы Қазақстаннан БҰҰ-ның Азия, Африка, Таяу Шығыстағы құрылымдарына еріктілер жіберілді. БҰҰ волонтерлері мемлекетті қолдайды, волонтерлікті дамытады, еріктілерді БҰҰ құрылымына, түрлі агенттіктерге, бағдарламаларға, қорларға тартады. Форум аясында 19 тамыз күні әлемдегі волонтерліктің жай-күйі туралы 2022 жылғы баяндаманың Орталық Азияның жаһандық таныстырылымы жоспарланған. 2022 жылғы баяндама «Бәріміз үшін тең құқықты қоғам құру» деп аталады. Бұл БҰҰ еріктілер бағдарламасының төртінші жаһандық жарияланымы, онда волонтерлер мен мемлекеттің серіктестігі 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерімізді шешуге көмектесетін тәсілдерді зерттейді. Баяндаманы таныстыру үшін БҰҰ сессиясы - волонтерлік ұйымдардың, ҮЕҰ өкілдерімен, Орталық Азияның барлық елдерінен волонтерлік қызметтің үйлестірушілерімен, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі толық қаржыландыратын БҰҰ-ның алғашқы еріктілерімен кездесудің жақсы мүмкіндігі. Волонтерлік мемлекет пен азаматтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша күш-жігерді қаншалықты арттыра алатынын білетін боласыздар. Әрине, мен және менің әріптестерім Қазақстандағы және шетелдегі БҰҰ еріктілер бағдарламасына  қалай атсалысуға болатындығы туралы ақпаратпен қуана бөлісемміз», - деді спикер. 


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлескен тағы бір пилоттық жоба - мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту, кәсіптік бағдарлау және жұмысқа орналастыру бойынша орталық құруға бағытталған. Ол барлық өңірлерде іске асырылақ.