«Конституция баптары өте қысқа жазылады. Конституцияның күшін, оның әсерін қазір, заңдар қабылданғанша сезінуіміз керек. Әрине, Парламент каникулдан  шыққан соң көп заң қабылданады. Бірақ біз қысқаша болса да, ғылыми бағытта әр бапқа енгізілген өзгерістерге жақсы түсіндірме беруге тырыстық. Жаңа Қазақстан, Әділетті Қазақстан, Екінші республика. Осы Конституция баптарының нормаларын пайдалануымыз  керек. Шенеуніктер қашан нұсқаулық келіп түсетінін күтпей, әр адам осы Конституцияны қазір жүзеге асыруы керек. Халықтың жағдайын ойлау керек, олар өз өкілеттігіне қарай қолынан келгенінше Конституцияға сәйкес жұмыс істеуі керек. Бұл мәселелердің барлығы кітапта жазылған. Әрине, кітап толықтырылып отырады, бұл тұңғыш түсіндірме», - деді спикер.