«Бірінші мақсат - біздің жұмысымыз Бірінші республика мен Екінші республика арасындағы алшақтықты анықтайтын енгізілген түзетулердің маңыздылық, өзектілік дәрежесімен байланысты. Бұл референдумнан басталды. Айта кету керек, Мемлекет басшысының идеясын, құқықтық нормаларға енгізілген жұмыс тобының идеясын түсіндіру қажет болды. Екінші мақсат - бұл еліміздің Ата заңына құжатына енгізілген жаңашылдықтарды түсіндіруге арналған қоғамда туындаған сауал. Әріптестерімізбен, қоғам өкілдерімен қарым-қатынас жасау кезінде олардың конституциялық жаңашылдықтардың бұл мағынасын түсіндіруі қажет екені байқалады. Менің ойымша, жалпы айтарлықтай ауқымды, қомақты жұмыс атқарылды. Оқырмандар бұл кітапты оқып, өз пікірлерін білдіреді деп ойлаймыз, егер тілектері болса, электронды поштаға жазуға болады. Әрине, қандай да болмасын ережелерді түсіндіреміз», - деді заңгер. 


Айта кетейік, бұл түсініктеменің ерекшелігі - оның пікір тудыратын кітап болуында. Ғалым  авторлары түсіндірмелерді талқылаусыз берген дұрыс деп тапты. Құқық саласында беделі бар рецензенттер де олардың ұстанымымен келісті.