«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын және (немесе) тас көмірді әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 831 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29151 болып тіркелген)

 

НҚА-ны әзірлеу «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)
68-бабының 1-1-тармағына сәйкес жүргізілді.

НҚА-ны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

НҚА-ны қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

НҚА-ны іске асырудың мақсаты Қазақстан Республикасының аумағына астық әкелу бойынша бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою арқылы сенімді астық импорттаушыларға жәрдемдесу болып табылады.

НҚА ағымдағы жылғы 16 маусымнан 30 маусымға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналасқан. http://legalacts.egov.kz).