Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

         Қоғамдық талқылау 2022 жылғы 17 тамыз - 2022 жылғы 1 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

         Барлық қызығушылық танытқан азаматтардың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін талқылауға келесі сілтеме бойынша: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14187513 қатысуға мүмкіндігі бар.