Осылайша, төрт дос жорыққа шығып, Қарағалы шатқалындағы Каменское шыңын бағындыруды шешті. Өрлеу 16 тамызда таңғы сағат 10-да Қарғайлы ауылы жағынан басталды. Достар қараңғыға дейін жүріп, түнді күтіп, жолды жалғастыру үшін лагерь құруға шешім қабылдады. Келесі күні таңертең Каменский шыңына қарай жол жалғасты. Тағайындалған жерге жеткен кейін, туристер қайта  түсе бастады, бірақ олар қате жолмен жүргендерін түсінді. Түнде достар өз бетінше кері жол таба алмайтындықтарын түсініп, құтқарушыларды шақырды.

2022 жылғы 17 тамызда сағат 22.25-те РЖҚЖ құтқарушылары 7 адам, оның ішінде 1 кинологиялық есептоп іздеуге шықты. Бір сағат ішінде РЖҚЖ жедел тобы шақырту орнына қарағалы бөгетінен жоғары келіп, жоғалғандарға қарай жаяу жүріп шықты.

Түн ортасында РЖҚЖ құтқарушылары жоғалған жігіттерге дейін жетіп, Қарагалинка бөгетіне түсе бастады. Жоғалғандарға барлық қажетті көмек көрсетілді. 40 минут ішінде РЖҚЖ құтқарушылары жоғалған жігіттерді Карагалинка бөгетіне дейін қызметтік көлікке түсіріп, оларды Таусамалы қауіпсіз жеріне жеткізді. Сол жақта жоғалған адамдардын жақындары кутіп тұрды.

РЖҚТ қызметкерлері таудағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы жастармен түсіндірме әңгіме өткізді. Құтқарушылар табиғатқа шықпас бұрын өз мүмкіндіктерін есептеу, ауа-райы жағдайымен танысу, көтерілу және түсу кезінде асықпау және төтенше жағдай кезінде өздерін қажетті заттармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ескертеді. Өзіңізбен бірге пауэрбанк, су өткізбейтін пакеттегі сіріңкелер болуы міндетті. Сондай-ақ, туыстарыңызға баратын жер туралы хабарлауды ұмытпаңыз.                            

Тауға барар алдында жедел қызмет телефондарын жазып алыңыз: 372-15-60-ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел кезекші бөлімінің телефоны немесе 112.