Бейнебайланыс режимінде ұйымдастырылған жиында қайта өңдеу тауарларының қорытынды құжаттарын алу және «Атамекен» ҰКП беретін СТ-KZ сертификатын алу тетіктері басты назарға алынды.

Басқосу барысында министрлік өкілдері «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 449 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі сақталған жағдайда қосылған құн салығынан босатылатындығын атап өтті.

Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісінің бірі ретінде тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысын атауға болады.

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті жеңіл, тау-кен, химия, ағаш өңдеу, машина жасау және құрылыс индустриясы сияқты өнеркәсіп

Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

1) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерінің атауы, сыныптамасы, олардың саны және құны;

2) қайта өңдеуге арналған шарттың күні мен нөмірі, қайта өңдеу мерзімі;

3) қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары;

4) қайта өңдеу сипаттамасы;

5) қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер.

Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттың талаптарына сәйкес айқындалады және алыс-беріс шикізатын есепке қабылдау және тиеп-жөнелту күнінен бастап екі жылдан аспайды.

2013 жылдан аталған функцияны автоматизациялау жұмыстары Е-лицензиялау порталында жүргізіледі. Қорытынды құжаттарды беруді жеделдету мақсатымен заңды тұлғалармен жұмыс істеу 2014 жылдан бастап электронды форматқа көшірілді.

Бүгінгі таңда  жеңіл өнеркәсіп саласындағы көптеген кәсіпорындар Ресеймен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Сонымен қатар олар алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстары жүйелеп, қолданыстағы заңнама шеңберінде қайта өңдеу тауарларының қорытынды құжаттарын ала алады.