Аталмыш Заң, елімізде жануарларға қатыгездік таныту фактілерінің жиілеуіне байланысты әзірленді.
Заң жануарларды қорғау, оларға қарау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамгершілікті нығайту және қоғамның ізгілік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ жануарларға қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Заң нормаларын түсіндіру мақсатында Экология министрлігі 1-15 тамыз аралығында өңірлерге жұмыс сапарларын ұйымдастырды.
Қазақстанның 17 облысында жұртшылықпен кездесулер өтіп, оның 5-інде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә.Л.Шалабекова төрағалық етті.
Іс-шараларға орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметкерлері, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, зоологиялық қорғау ұйымдарының өкілдері, ветеринария, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшылары,, аумақтық инспекция, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнаманы іске асырудың проблемалық мәселелері талқыланып, Заң нормаларына түсініктемелер берілді. "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабында жануарлар адамға шабуыл жасаған жағдайда немесе жануарлар адамның өмірі мен денсаулығына қайіп төндірсе, сондай-ақ қоғамдық тәртіп бұзған жағдайда олар жансыздандыруға жатады делінген. Бұл ретте аулау ізгілікті тәсілмен, жануарларға зиян келтірмейтін құралдармен, оның ішінде қозғалуды шектеуге арналған препараттарды қолдана отырып жүзеге асырылады. Сондай-ақ, баспаналар мен жануарларды уақытша ұстау пункттерін салу үшін учаскелер бөлу, жануарларға арналған баспаналарды қаржыландыру, жануарларды аулау, зарарсыздандыру, вакцинациялау мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша, жергілікті атқарушы органдарға қаңғыбас жануарлармен бойынша жергілікті жерлердегі ағымдағы жағдай туралы ақпаратты және жануарларға жауапты қарау саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстарды назарға алу, жануарларды уақытша ұстау пункттеріне жер учаскелерін бөлу бойынша жұмысты жандандыру, осы мақсаттар үшін бос, иесіз үй-жайларды беру мүмкіндігін қарау тапсырылды.
Жергілікті полиция қызметінің басқармаларына үй жануарларын өздігінен өсіру кезінде қатыгездік таныту фактілерін анықтау және қарастырылған әкімшілік жауапкершілік бойынша ақпарат беру, сондай-ақ ветеринарлық басқармаларға жануарларды аулау, серуендету ережелерін бекіту жұмыстарын жандандыру және жануарларды есепке алу және зарарсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.