Энергетика министрлігі газдың шекті көтерме сауда бағасын бекітеді, ал соңғы бағаны Ұлттық экономика министрлігі бекітеді, ол бүгінгі күні Ақтөбе облысы үшін 1 текше метр үшін 11,57 теңгені, ал атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін 9,26 теңгені құрайды.

2022 жылы Энергетика министрлігінің бюджеттік бағдарламасы аясында 18 жобаны жүзеге асыруға 6,8 млрд.теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша 14 елді мекенді немесе 9,6 мың адамды газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Тұтастай алғанда, бүгінгі күні Ақтөбе облысын газдандыру деңгейі ел бойынша жоғары деңгейдің бірі болып табылады және 92,7% - ды (01.01.2022 ж.жағдай бойынша) құрайды немесе шамамен 840,7 мың адам табиғи газға қол жеткізді.