ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомствоның ресми сайтында алдын ала талқылау үшін Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің жобасын жариялады, деп хабарлайды Kazpravda.kz.

ҚР Әлеуметтік КОДЕКСІН әзірлеу бойынша жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілді, оны ол реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің кезекті отырысында берді.

Құжатта мынадай қағидаттарды бекіту ұсынылады: мұқтаждықты ескере отырып, әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығы мен сараланған тәсілі; әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу және ескерту; экономикалық ресурстар мен әлеуметтік саясат міндеттерінің мөлшерлестігі; мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі; әлеуметтік саясаттың инклюзивтілігі, әлеуметтік қорғаудың құпиялылығы және халықаралық стандарттарға сәйкестігі.

Еңбекмині жанындағы Кодексті әзірлеу үшін Парламент Мәжілісі мен Сенаты депутаттарын қоса алғанда, жүзден астам сарапшылардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды, 30-дан астам заңнамалық және 150 заңға тәуелді актілер зерделенді, халық пен қоғамдық бірлестіктерден 500-ге жуық ұсыныс қаралды, Кодекс тұжырымдамасы әзірленді.

Құжатпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/documents/details/337099?lang=kk.

ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасына қатысты пікірлерді sockodeks@enbek.kz электрондық поштасына жіберуге болады.