Спартакиаданың мақсаты - мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту болып табылады.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастырумен өткізілді.

Бәсекеге қатысушылар спорттың алты түрінен сынға түсті. Бұл - футзал, волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және бильярд. Спорт жарысында 23 мемлекеттік органның қызметкерлері бақ сынады.

Бүгін үш күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:

- футзал бойынша бас жүлдені Ұлттық экономика министрлігі иеленсе, екінші орын ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне, үшінші орын ҚР Президентінің іс басқармасына тиесілі болды.

Атап өту керек, МҚІА командасы жартылай финалға дейін жетті, ал ойын қорытындысы бойынша Агенттік қызметкері Мадияр Әбілдин үздік қорғаушы атанды.

- волейбол бойынша бірінші орынды Қаржы министрлігі, екінші орынды Жоғарғы Сот, үшінші орынды ҚР Парламенті иеленді.

- қазақ күресі бойынша командалық есепте жеңімпаздар қатарында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қаржы министрлігі, Энергетика министрлігі болды.

- тоғызқұмалақ бойынша командалық есепте бірінші орынды Қаржы министрлігі, екінші орынды ҚР Парламенті, үшінші орынды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті иеленді.

- үстел теннисі бойынша командалық есепте бірінші орынды Қаржы министрлігі, екінші орынды - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, үшінші орынды Сауда және интеграция министрлігі иеленді.

- бильярд ойыны бойынша командалық есепте үздік болып ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі танылса, екінші орынға Сыртқы істер министрлігі және үшінші орынға ҚР Парламенті ие болды.

Жалпы командалық есепте мемлекеттік органдар арасында спартакиада көшбасшылары болып Қаржы министрлігі (1 орын), ҚР Парламенті (2 орын), Энергетика министрлігі (3 орын) атанды.