Аула клубының ашылуы кезінде Хабиб Нурмагомедов жас спортшыларға жылы лебізін білдірді. Ол спортшыға тән мінезді тәрбиелеудің және бала күнінен спортқа деген қызығушылықты оятудың маңыздылығын атап өтті.

Есенберлин көшесі, 28а мекенжайы бойынша Сарыарқа ауданында орналасқан Profit клубының жаңа филиалында ММА, қазақша күрес, бокс, каратэ, хореография және т.б. бойынша сабақтар өткізіледі. Жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар сабаққа тегін қатыса алады. Сондай-ақ, жеңілдік көпбалалы және толық емес отбасыларға беріледі.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда «аула клубтары» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Мұндай клубтардың жұмысы балалар мен жасөспірімдердің уақытын тиімді өткізуге, сондай-ақ оларды жан-жақты дамытуға бағытталған.

Соңғы жылдары елорда әкімдігі аула клубтарының желісін едәуір кеңейтті, 750-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылды.