Нақты айтсақ, алғаш рет облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Альбина Прниязоваға ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына докторант гранты тағайындалса, 8 мемлекеттік қызметші магистратура тізімінде.

Ал, магистранттар қатарында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Алтынай Қуандық, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Руслан Қаюпов, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Әбілдаев, Арал ауданы әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов, Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы Жәнібек Алиев, облыстық экономика және қаржы басқармасының коммуналдық мүліктің есебіндегі нысандарды жалға беру және жекешеленліру рәсімдерін жүргізу жөніндегі бөлімінің басшысы Нұрланбек Ердигаликов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының электр энергетиканы дамыту бөлімінің басшысы Тұрарбек Бадаев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Руслан Тәуекелов бар.

Нәтижесінде республика бойынша өңір үздік үштікте.

Айрықша атап өтетін жайт, Мемлекеттік басқару академиясына биыл түскен түлектердің 90 пайызы басқарушы қызметте жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметшілер болып табылады.

 

Биыл ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу үшін барлығы 1 881 адам құжат тапсырып, оның ішінде 1 153 үміткер жіберілген болатын. Оқу гранттарының саны 132. Оның 12-сі докторантура бағдарламаларына арналған.

Магистратура бойынша гранттар:

«Мемлекеттік саясат» – 39 орын;

«Өңірлік даму» – 29 орын;

«Экономика» – 16 орын;

«Адами ресурстарды басқару» – 12 орын;

«Мемлекеттік басқару» – 12 орын;

«Халықаралық қатынастар» – 12 орын.

Докторантура бойынша 12 грант:

«Экономика» – 2 грант;

«Халықаралық қатынастар» – 2 грант;

«Мемлекеттік басқару» – 8 грант.