Толықтырулар енгізу туралы тиісті құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

"Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін" Құрмет белгісі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, педагогикалық білімі бар қосымша білім беру ұйымдарының 25 жыл еңбек өтілі бар педагогтеріне беріледі ", - делінген бұйрық жобасында.

Жария талқылау 2022 жылғы 5 қыркүйекке дейін жалғасады.