«Мысалы, 5 қаңтарда Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 4 адамнан тұратын топ мамандандырылған дүкеннен қару-жарақ пен оқ-дәрі және сауда үйіннен басқа да тауарлар ұрлаған. Қабылданған шаралармен күдіктілер әшкереленіп, олардан ұрланған қару мен тауардың бір бөлігі тәркіленді, қылмыстық іс сотқа жолданды. 5 тамызда Алматы қаласы Алмалы ауданының сотымен айыпталушылар кінәлі деп танылып, әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазіргі уақытта полиция ұрланған қаруды ғана емес, жалпы заңсыз айналымдағы қаруды табу және тәркілеу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуді жалғастыруда. Жуырда Тараз қаласында полиция қызметкерлері зират аумағынан екі жасырылған қойманы тапты, олардың бірінде екі оқ сауыты бар «Вальтер» тапаншасы, жарық-шулы граната және 16 калибрлі патрондар, екіншісінде номері өшірілген 12 калибрлі аңшылық мылтық, оқ сауыты бар «Mauser» газ тапаншасы, жарық шулы граната, екі газ-бұрышты баллон және әртүрлі калибрлі 60 патрон табылды. 17 тамызда Жамбыл облысының Андас ауылында полиция қызметкерлері қараусыз қалған үйден жасырын қойманы тапты, онда 12 калибрлі мылтық, сондай-ақ бұрын Полиция департаментінен ұрланған бронды кеудеше және әртүрлі калибрлі патрондар табылды. Сол күні Меркі ауданындағы Ақтоған ауылының шетінде полиэтилен пакет табылып, ішінен номері өшірілген екі 12 калибрлі аңшылық мылтық пен түрлі калибрлі оқ-дәрілер алынды. 18 тамызда Алматы қаласының Түрксіб ауданында «Кіші Алматы» өзенінің жанында қару-жарақ сақталған жасырын қойма табылып, ол жерден ИЖ-27, 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, пневматикалық тапанша, 5 газды және 1 жарық шулы граната, әртүрлі калибрлі 100-ге жуық патрон алынды», - деді С.Әділов.


Қазір ұрланған қарудың 2087 бірлігі анықталмаған күйінде қалып отыр. Оларды анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда.