Оның айтуынша, кері қайтарылған еңбектерді  құжаттарды түзеп, қайта тапсыруға болады. 

«Сұраныс көп, адамдар күнде хабарласады, әртүрлі жанрда жазған 4-5 еңбегін жіберген жазушылар да бар. Қызығушылық бар. «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының ерекшелігі -  байқауға еш жерде жарияланбаған жаңа туындылар ғана қабылданады. Сондай-ақ қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды. Олардың арасында 13 жастағы бала да, мемлекеттік сыйлықтың иегері де бар. Байқау ережесі Кітап палатасының сайтында жарияланған. Негізінен проза, поэзия, балалар әдебиеті саласынан туындылар көп түсіп жатыр. Комикс, аударма бойынша да сұрақтар жиі қойылады. Драматургияға да тапсырып жатқандар бар. Алдағы уақытта қатысушылар саны артады деп ойлаймын. Байқау қорытындысы жыл соңында шығарылады», - деді спикер.