Оның айтуынша, веб-порталда 100 мыңнан астам өнім беруші мен 24 мыңнан астам тұтынушы тіркелген. Өткен есепті кезеңде мемлекеттік сатып алулар бойынша шартты үнемдеу 485 млрд теңгені құрады.

«Биыл келесі міндеттерді жүзеге асыруды жоспарланып отыр. Бірінші, бір көзден алу үлесін азайту. Мәселен, «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң шеңберінде сатып алудың бәсекелі тәсілдерін тапсырыс берушілердің өткізуіне басымдық берілген. Бір көзден алу негіздері қысқартылды. Электрондық дүкен енгізілді. Екінші, адами факторды болдырмайтын және өнім берушіні таңдауды автоматтандыратын рейтингтік-баллдық жүйені әзірлеу. Бұл жаңашылдық 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап қолжетімді. Үшінші, негіздемелік келісімдерді іске қосу. Бұл мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімін 5 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік береді», - деді спикер.