Бұл - бюджеттік, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық тиімділік көрсеткіштері. Қазірдің өзінде 2015-2021 жылдар аралығындағы кезеңде көрсетілген 80 мемлекеттік қолдау шарасы бойынша мәліметтер бар. Сонымен  қатар осы мәліметтерді автоматты түрде  алу мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын атқаратын 7 оператордың ақпараттық  жүйесімен интеграция жұмыстары іске асырылды. Қазіргі уақытта жүйе жұмысының нәтижелерін бюджетті жоспарлау кезінде қолдану бойынша тәсілдер әзірленуде.