2021 жылғы желтоқсанда жобаны іске асыру тәсілдерін айқындау үшін пилоттық жоба 7 мемлекеттік органда өткізілді. Оған бухгалтерлік есепке алуды жүргізу бойынша 3 түрлі шешімі бар 180-нен астам мемлекеттік мекеме қатысты, бұл 1С, SAP, FavorIT өнімдері.
«Жобаны іске асыру мемлекеттік органдардың бухгалтерлік қызметтерінің деректерін шоғырландыруға бағытталған. Сонымен қатар жобада бірыңғай анықтамалықтарды пайдалану да жоспарланып отыр. Бұл талдамалық құралдарды орнатуға және қаржы саласындағы әртүрлі процестердің, яғни бухгалтерлік есепті жүргізу, есептілік беру, бюджетті жоспарлау және пәрменді мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді департамент директоры.