Делегация ӘР экономика министрі М.Ч. Джаббаровпен және Орталық банкінің төрағасы Т.Т. Кязымовпен кездесті.

Кездесулер барысында Әзербайжан тарапына Қазақстанның жаңартылған экономикалық күн тәртібін ескере отырып, қаржы орталығын дамытудың негізгі үрдістері жеткізілді.

Тараптар АХҚО мен Әзербайжанның қаржы институттарының қаржы-экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Анықтама:

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.