Оның айтуынша, бұрын интернет ресурстар арқылы сату тармағы болмаған. Осыған орай, ол ҚК 297-баптың 3 тармағының 5-бөлігіне енгізілді. Содан кейін Жарнама, насихаттау деген баптар болды. Жыл басынан бері ішкі істер органдарымен 150 факті тіркелді, оның ішінде 79 - жарнама бойынша, интернет арқылы сату -153 факті.  


«Өткен жылдың қыркүйек айында Үкімет қаулысымен аса қауіпті заттардың (мефедрон, пировалерон және олардың аналогтары – 3 грамнан 1 грамға дейін, синтетикалық каннабиноидтар – 50 грамнан 1 грамға дейін және т. б.) «криминалдық» мөлшері азайтылды. Тиісінше, оларды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Енді сату мақсатынсыз сақтағаны үшін мұндай заттардың 1 граммынан бастап қылмыстық жауапкершілік туындайды. Құрамында есірткі бар өсімдіктердің жеке шикізат базасының болуы- есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдағы тағы бір бағыт. Бұл көбінесе Қызылорда облысында қарасораны заңсыз егуге қатысты. Арнайы операциялар жыл сайын өткізіледі. Бұрын «Көкнәр» деп аталған, қазір «Қарасора» - жыл сайын 1 маусымнан 30 қазанға дейін өтеді», - деді спикер.