Бірінші жартыжылдықтағы деректер бойынша, республикада психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалану салдарынан психикалық бұзылулар себебінен динамикалық бақылауда тұрған адамдар саны 107 000-нан асты, оның ішінде 83%- ішімдікке, 17% - есірткі және психотроптық заттарға тәуелді.  


«Бүгінгі күні халыққа наркологиялық көмек аудандық деңгейдегі 204 психикалық денсаулық кабинетінде және қалалық емханалар деңгейіндегі 83 психикалық денсаулық орталығында (көрсетіледі. Бұл орталықтарда құрамында психиатр-дәрігер (нарколог), психотерапевт, психолог, әлеуметтік қызметкер бар мультидисциплинарлық команда жұмыс істейді. Медициналық-әлеуметтік көмек, оның ішінде оңалту барлық өңірлерде, оның ішінде біздің орталықтың Павлодар қаласындағы филиалында жұмыс істейтін өңірлік психикалық денсаулық орталықтарында стационарлық деңгейде көрсетіледі. ПДО құрылымында тәулік бойы 3700-ден астам наркологиялық төсек-орын орналастырылған», - деді спикер.