«Елімізде 10-24 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастарға медикопсихоәлеуметтік көмек көрсететін Жастар денсаулық орталықтарының желісі ашылды. Жастар есірткі заттарын ғана емес, темекі шегудің, алкогольді тұтынудың профилактикасы бойынша кеңес ала алады. Бүгінгі таңда облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың Денсаулық сақтау басқармаларының деректері бойынша 182 Жастар денсаулық орталығы жұмыс істеп тұр. Онда жедел желі іске қосылған, есірткі заттарын, алкогольді немесе темекіні мезгіл-мезгіл қолдана бастаған жасөспірімдер мен жастарға тәулік бойы психологиялық қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ жастар денсаулық орталықтарының психологтары мотивациялық кеңес береді, яғни әлі тәуелділігі жоқ жасөспірімдермен тренингтер өткізеді», - деп атап өтті сарапшы.