«Ауа райының суытуымен көмірге деген сұраныс артып, сәйкесінше баға өседі деп күтілуде. Жоспарлау бойынша негізгі проблемалар ЖАО ұсынған деректерге негізделеді. Біз ЖАО мәлімдеген деректерді разрездер мен ҚТЖ деректерімен салыстыра отырып, қайта тексереміз. Бұл ретте атап өтерлік жайт, өткен жылыту маусымында көмірді республикадан тыс жерлерге кедергісіз шығару (арнайы бағамен сатылады) фактілері орын алды. Мәселен, Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, былтыр «Айша бибі», «Сыпатай батыр» және «Қарасу» кеден бекеттері арқылы Қырғызстан бағытында халыққа арналған 123 мың тоннаға жуық көмір сыртқа шығарылған. Қазір көмір шығару жалғасуда. Меркі ауданы тұрғындарының мәліметінше, көмір тұйықтарында 50-ге жуық автокөлік бар. Биыл осындай фактінің алдын алу үшін біз автокөлікпен көмір шығаруға тыйым салатын бұйрық әзірледік. Бірақ теміржол бойынша ешқандай шектеулер жоқ», - деп атап өтті спикер.  


Ал дүрлігуді болдырмау және ең жоғары қажеттілікті бөлу үшін ведомство өкілі қазақстандықтарға көмірді ерте дайындауға кеңес берді.