«Соңғы 3 айдың қорытындысына сәйкес халық үшін көмір тасымалдау бойынша өсім 10% құрайды. Бұл қарқын тамыз айында да сақталады. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Оны жыл соңына дейін сақтауымыз керек. Компания әлеуметтік маңызы бар көмірді тасымалдауға алдын ала дайындыққа кірісті, қажетті іс-шаралар әзірленді: жылжымалы құрамды, локомотивті дайындау бойынша жұмыстар, инфрақұрылымда жоспарлы режимде жұмыс жүргізілді. Барлық деңгейлерде жедел штабтар құрылды, мониторингтік топ жұмыс істейді. Бұл штабтардағы басты міндетіміз - көмір жеткізу тізбегінің барлық қатысушыларының үйлесімді жұмысын ұйымдастыру: бұл көмір разрездеріне де, трейдерлерге де, әкімдіктердің жұмысына да, кірме жолдардың меншік иелеріне де, вагондардың меншік иелеріне де, соның ішінде тасымалдаушыға да байланысты. Осы тізбектің кез келген кезеңдеріндегі қандай да болмасын кідіріс ертең вагондардың тоқтап қалуына және болашақта қажетті уақытта вагондардың жетіспеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан осы маңызды жұмыста барлығы тәулік бойы жұмыс істейді», - деп атап өтті спикер.