Іскерлік кеңес алаңында "QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Бас директоры А.Асқарұлы Әзірбайжан Республикасының Экспорт және инвестицияларды ынталандыру агенттігімен сауда-экономикалық қатынастарды тереңдетуге бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Тараптар сондай-ақ ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын іздеуге, сонымен қатар екі елдің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өзара қарым-қатынас жағдайларын жақсартуға бағытталған нақты іс-шаралар енгізілетін Жол картасын әзірлеуге келісті.

Сонымен қатар, QazTrade қазақстандық компаниялармен, экспорттық акселерация бағдарламасына қатысушылармен, «Масло-Дел» ЖШС-мен және «Cool Infinity» ЖШС-мен бірлесіп,Veliyev Nahid Abbas oglu «Tayqa Trade» ЖК және «Foodcity Alliance» ЖШҚ-мен май өнімдерін және рефрижераторлық вагондардың өнімдерді жеткізуге жалпы сомасы 11 млн. доллар болатын екі үш жақты құжатқа қол қойды

Ағымдағы жылдың маусым айында өткен сауда-экономикалық миссияның қорытындысы бойынша жалпы сомасы $38,7 млн. АҚШ. долларға қазақстандық өнімді жеткізу туралы 9 экспорттық келісімшартқа қол қойылды.

Қазақстандық ферросилицийді, тыңайтқыштарды, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін әзірбайжан нарығына одан әрі жеткізу туралы келіссөздер жалғасуда.