Мекеме алдында осы саладағы мемлекеттік қадағалаудың тиімділігін арттыру, қадағалау іс-шараларын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде ақпараттық технологияларды дамыту және заңнаманы өзектендіру есебінен жаңа қағидаттарды пайдалану жөніндегі міндет тұр.  

«Бүгінгі таңда біздің пайымымыз республиканың ұлттық мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік билік органдарының, бизнес пен қоғамдық бірлестіктердің сындарлы өзара іс-қимылы үшін негіз болуға тиіс. Бұдан басқа, біздің міндетіміз қауіпті өндірістік объектілерде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттануды төмендету болып табылады. Соңғы бес жылдағы талдау персоналдың жарақаттануының негізгі саны көмір және тау-кен саласына тиесілі екенін көрсетті, бұл республиканың қауіпті өндірістік объектілеріндегі жазатайым оқиғалардың жалпы санының 30%-дан астамын құрайды. Осыған байланысты бірлескен күш-жігермен қауіпті өндірістік объектілердегі қауіпсіздікті жақсарту және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы құқықтық тәртіпті нығайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізу қажет», - деді спикер.