2018 жылдан бастап орын алған авариялардың саны 30%-ға қысқартылды. Бүгінгі күні өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау қызметі шеңберінде құрамында 210 мыңнан астам қауіпті өндірістік объектілері бар 7 899 өнеркәсіптік кәсіпорын қадағалауда. 

«2021 жылдың қорытындысы бойынша қауіпті өндірістік объектілер қауіптілігінің жалпы деңгейінің көрсеткіші: геологияда 62%-ға, магистральдық құбырларды пайдаланатын объектілерде 56%-ға, газ шаруашылығында 52%-ға, жарылыс жұмыстарын жүргізетін объектілерде 46%-ға, өсімдік шикізатын қайта өңдеу объектілерінде 46%-ға, химия саласында 45%-ға, тау-кен саласында 42%-ға, қазандық шаруашылығында 32%-ға, металлургия саласында 33%-ға, атом энергиясын пайдалану объектілерінде 17%-ға, көмір саласында 12%-ға, мұнай-химия, мұнай өңдеу саласында 3%-ға төмендегенін көрсетеді. Қауіптілік деңгейінің өсуі жүк көтергіш механизмдерді пайдаланатын объектілерде 56%-ға және мұнай-газ саласында 19%-ға байқалады. Аумақтық департаменттермен қолданыстағы заңнама шеңберінде қауіпті өндірістік объектілердің қауіптілік деңгейін төмендетуге бағытталған барлық шаралар қолданылады. Жүргізіліп жатқан жұмысқа қарамастан, өнеркәсіптік объектілер әрқашан олардың қызметінің ерекшелігіне байланысты ықтимал қауіптің көзі болып табылады», - деді спикер. 


Комитет төрағасының мәліметінше, жыл басынан бері еліміздің қауіпті өндірістік объектілерінде 14 авария, 2021 жылдың осы кезеңінде 14 авария тіркелді, олардың нәтижесінде 9 адам зардап шекті (6, өсу 50%), оның ішінде 6 адам қаза тапты (1, өсу 6 есе).