«Аварияларды тексеру өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзуға жол берген қауіпті өндірістік объектілер жұмыскерлерінің немқұрайлылығынан, сондай-ақ пайдаланылатын жабдыққа сапасыз техникалық тексеру жүргізуден көрінетін себептерді анықтады. Сондай-ақ есепті кезеңде еліміздің қауіпті өндірістік объектілерінде 127 инцидент тіркелді. Апаттар мен оқыс оқиғалардың негізгі себептері: өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу; пайдаланылатын жабдықтың жоғары моральдық және физикалық тозуы; қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібінің төмендігі. Мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру шеңберінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын жол берілетін бұзушылықтарды қысқарту мақсатында инспекторлар қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың қауіпсіздік талаптарын сақтауы тұрғысынан тексерулерді жүзеге асырады», - деді Н.Мақажанов.