Оның айтуынша, инспекторлардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды анықтауы қауіпті өндірістік объектілерде авариялардың туындауының алдын алудың негізгі шараларының бірі болып табылады. Тексеру қорытындысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 20 402 бұзушылығы анықталды.
«Инспекторлар бұзушылықтарды анықтау бойынша қолданатын алдын алу шараларының тиімділігіне қарамастан, жыл сайын жұмыстарды жүргізудің келісілген жобалық шешімдерден ауытқуына байланысты жүйелі бұзушылықтардың жүздеген фактілері анықталады, нормативтік ғимараттар мен құрылыстарды, оның ішінде қызмет мерзімі өткен қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптар бұзылады. Тексеру қорытындылары бойынша инспекторлармен жедел ден қою шаралары қабылданады, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалады, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығарылады. Әкімшілік жазаларды қолдану өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзуға жол бермеу мақсатында қадағалаудағы субъектілерге ықпал етудің негізгі шарасы болып табылады. Тексеру нәтижелері бойынша барлығы 130 млн теңгеден астам сомаға 890 әкімшілік айыппұл салынды», - деді комитет төрағасы.