«Қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру мысалдарының бірі, мемлекет пен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасында экологиялық, әлеуметтік, еңбек және экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында өндірісті жаңғырту туралы, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар болып табылады. Бүгінгі таңда ҚР Үкіметі Жол картасын әзірлеп, бекітті, өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, инвестициялық келісімшарт пен инвестициялар туралы келісім пысықталуда. Жол картасы шеңберінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша 37, болат департаментінде 19, көмір департаментінде 18 іс-шара іске асырылатын болады. Бұл - жобалық шешімдерді орындауға, технологиялық объектілерді жаңғыртуға, қайта жаңартуға және салуға, yормативтік қызмет мерзімін өтеген жабдықты ауыстыруға, өндіріс кезінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған кен қазбаларын желдетуді жақсарту, газсыздандыру іс-шаралары және т.б.», - деді Н.Мақажанов. 


Сонымен қатар өндірістік және еңбек тәртібін арттыру мақсатында қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. 

«Мемлекет басшысының реттеушілік саясаттың базалық қағидаттарын өзгерту және таза парақтан реттеу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға бақылау функциясы берілген, ол жартыжылдық тізімдерге сәйкес субъектілерге (объектілерге) бару арқылы профилактикалық бақылауды, сондай-ақ рұқсат беру талаптарына сәйкестікке жүргізілетін тексерулерді жүзеге асырады. Кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу жөніндегі Заңды іске асыру үшін бірінші жартыжылдықта талаптардың толық тізбесін бекіту бойынша жұмыс басталды, олардың бұзылуы қадағалауды жүзеге асыру барысында жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылады», - деді спикер.