«Мектеп директорларын ротациялау жалғасуда. 2022 жылы 1200 аса директор ротациялауға сәйкес келеді. Бүгінде 414 директор ротациядан өтті. Педагогтерді ревакцинациядан өткізу бойынша жұмыс жалғасуда, қазіргі кезде олардың 80%-ы қайта егілді», -  деді бірінші виц-министр.


Спикер оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды.

Биыл 2-сыныпқа арналған оқулықтар толығымен жаңартылып, 1-11 сыныптарға қажеттілікке байланысты арналған оқулықтар сатып алынды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларына бекітілген тізбеге сәйкес балаларға арналған 2 млн-ға жуық көркем әдебиет сатып алынады.